Испания чемпионатының екі командасы келісілген матч өткізген

18 мамыр, 10:39

Фото: 24.kz

Испания чемпионатының «Вильярреал» және «Хетафе» клубтары өткен маусымда келісілген матч өткізді, деп жазады Prosports.kz испаниялық Copе порталына сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. «Вильярреалдың» бірнеше ойыншысына 2018/19 маусымының соңғы турының матчтағы тиімді нәтиже үшін 2 миллион еуро ақша төленген. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. «Хетафе» маусымды алтыншы орында аяқтап, Еуропа лигасына жолдама алды.  Басылымның мәліметінше, күдіктілердің бірі - «Хетафе» капитаны Хорхе Молина. Клубтың бұрынғы ойыншылары Карлос Аранда мен Пако Эстебан оған істі ұйымдастыруды ұсынған. Дереккөз полицияның Испания футболындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізген тергеу мәліметтерін келтіріп отыр. Клубтар бұл айыптауды жоққа шығарды және тергеуді жеңілдетуге дайын екендіктерін білдірді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации