Хабибтың келесі жекпе-жегі өте ме?

16 наурыз, 10:32

Фото: facebook.com

UFC президенті Дана Уайт ESPN-ге берген сұхбатында ұйымның алдағы жекпе-жектері жоспарланған уақытта өтетінін айтты. Оның ішінде 21 сәуірге жоспарланған Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон жекпе-жегі де бар.

«Нурмагомедов-Фергюсон жекпе-жегі болады. Жанкүйерлер бұған алаңдаулы, бірақ менің оларға айтқым келеді: алаңдамаңыздар! Хабиб пен Тони жекпе-жегі өтеді. Ол Бруклинде де, Лас Вегаста да өтпейді. Біз осы жекпе-жек үшін бірнеше орынды қарастырдық, соның ішінде Невада да болды, бірақ қазір Неваданы таңдай алмаймыз. Қазір басқа аренаны іздеп жатырмыз», – деді Дана Уайт.

Ол UFC турнирлерінің бәрі жоспарланған уақытта өтетін айтты. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации