GGG неміс промоутерімен жұмыс істеуі мүмкін

13 қаңтар, 20:21

Фото: google.com

Жақында ғана орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған неміс промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Головкинмен жекпе-жек олардың тізімінің басында тұр.

Зауэрланд Головкинмен жекпе-жекті орта салмақта өткізуге болатынын айтады

«Адамдар жас немесе басқа нәрсе туралы айтады. Головкин желтоқсанда кәрі көрінген жоқ. Тіке айтайық – ол соңғы он жыл ішінде орта салмақтағы көшбасшы», – деді ол Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Головкин аңызға айналды.

«Меніңше, бұл жекпе-жек Ұлыбританияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл ауқымды кездесу болмақ», – деді Калле Зауэрланд.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации