Геннадий Головкин 38 жасқа толды

08 сәуір, 11:05

Фото: Ringside24.com

Бүгін, 8 сәуірде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 38 жасқа толды, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Головкин өткен күзде украиналық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте IBF және IBO бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алып, өзінің туған күніне ең үлкен сыйлық жасады. Бұған дейін, Геннадий WBC және WBA Super нұсқалары бойынша чемпион атағына ие болған еді.

Жалпы алғанда, Головкин кәсіпқой рингте 42 жекпе-жек өткізді. 40 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсіп, бір жеңіліске ұшырады (бұл көптеген сарапшылар мен бокс жанкүйерлерінің пікірінше, шешім дұрыс шықпаған). Тоғыз жыл ішінде қазақстандық шебер қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті, сонымен қатар аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын қайталап, атақтарын қатарынан 20 рет сәтті қорғады.

Оның алғашқы әріптері - GGG тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танымал брендке айналды.

Головкиннің мәнсабындағы әуесқойлық бокс туралы айтпай кетуге болмайды. Геннадий 350 кездесуде небәрі 5 жеңіліске ұшырады. Солардың бірі 2004 жылғы Олимпиада ойындарының финалында болды, нәтижесінде Головкин «күміске» ғана қанағат тұтты. Алайда 2002 жылғы Азия ойындарында, 2003 жылғы Әлем кубогында және 2004 жылғы Азия чемпионатында ол жеңімпаз атанған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации