Футболдан Қазақстан премьер-лига ойындары бір айға тоқтатылады

16 наурыз, 20:00

Фото: olympic.kz

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылатыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, Бірінші Лиганың және Екінші Лиганың матчтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдайға байланысты тоқтайды.  

Адамның денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. Біз барлығын сабырлы болуға және барлық алдын-алу шараларын қабылдауға шақырамыз. Матчтардың өтетін күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации