Футбол: Қазақстан чемпионаты шегерілді

29 шілде, 20:07

Фото: google.com

Футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.

Аталған шешім Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен елімізде карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты қабылданып отыр.

Осыған байланысты елімізде футбол жарыстарын жалғастыру кейінге шегерілді. Доп додасын жалғастыру елімізде карантиндік шаралар аяқталғаннан кейін қайта қаралатын болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации