FINA синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге шегерді

07 сәуір, 13:39

Фото: ғаламтордан

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) синхронды жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге қалдырды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы olympic.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Іріктеу бәсекесі 1-4 мамыр аралығында Токиода өтуі тиіс болатын. Бұған дейін FINA 29-30 мамыр күндері Фукуока қаласында өтеді деп жоспарланған ашық суда жүзуден

Олимпиадаға іріктеу турнирін, кейін 18-23 сәуірге жоспарланған суға секіруден әлем кубогін кейінге шегерген болатын. Аталған турнирлерге қатысты соңғы әрі нақты шешім бір аптаның ішінде белгілі болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации