Елордада 156 мың АҚШ доллары жүлде қорымен теннис турнирі өтеді

27 ақпан, 19:22

Фото: inform.kz

Ертең елордада ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «2021 жылғы 28 ақпаннан 7 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры – 156 240 АҚШ доллары», - деп жазды Қазақстан теннис федерациясы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жарыс өткізу кезінде турнир қатаң протокол аясында көрерменсіз өтеді. Барлық турнирді www.ktf.kz сайтында тікелей эфирден көруге болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации