Элизабет Тұрсынбаева: Анамды әрдайым мақтан тұтамын

19 ақпан, 09:16

Фото: instagram.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева анасы өткерген ауыр кезеңді айтып пост жазды.

Алматы, NEGE. Спортшының анасы Падишахан Сұлтаналиева Қырғызстанда дүниеге келген.

«Анам бастапқыда индустриялық-педагогикалық техникумды бітіріп, жарты жылда орыс тілін меңгерген. Сосын Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетте оқыды.  Күндіз оқып, түнде нан зауытында жұмыс істеп, таң атқанда сабақ оқитын. Уақыт болса ғана ұйықтайтын. Осылайша жоғары білім алып шықан», – деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.

Оның айтуынша, анасы 26 жасында өзіне пәтер сатып алған.

«Үйден кеткенде қолында нәбәрі 28 рубль болды. Сосын Тимур, мен дүниеге келдім. Ата-анасы көмектесе алмады, себебі олардың отбасында 8 бала бар. Содан анам бизнес ашты, бижутерия дүкендер желісін ашты. Сосын мейрамханаға ашуға кірісті. Бірақ кейін ол бизнесті сатып жіберуге тура келді. (...) Ол біз үшін көп жұмыс істеді, бізге қорған болды. Біз анамыздың арқамызда осындай болып отырмыз. Анамды әрдайым мақтан тұтамын», – деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации