Елімізде спорттық ойындар көрерменсіз өтеді

12 наурыз, 14:17

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Әлемде коронавирусқа байланысты көптеген спорттық жарыстар көрерменсіз өтуде. Қазақстан да осы талапты енгізбек. 

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қатысты баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. «Алда талай жарыс бары белгілі. Ол хоккей, тағы басқа. Осыған байланысты сұрақтар да көп. Ойындар жоспар бойынша өтеді, бірақ көрерменнің баруына тыйым салынады. Бұл халықаралық тәжірибе. Барлық еуропалық елде ірі командалар ойнап жатыр, бірақ көрермендер жоқ. Бізде де осындай шешім қабылданды», – деді Ералы Тоғжанов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации