Елдос Сайдалин тек қыздармен жұмыс істейтін болды

26 ақпан, 08:37

Фото: instagram.com

Қазақстанның бокстан жасөспірім қыздар командасына жаңа бас бапкер тағайындалды.

Алматы, NEGE. ҚР Бокс федерациясынан мәлім еткендей, енді жасөспірім боксшы қыздардың ұлттық құрамасын Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елдос Сайдалин жаттықтырады.

34 жастағы Е. Сайдалин АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Делавэр университеті бірлесіп дайындаған Халықаралық олимпиадалық комитеттің халықаралық бағдарламасы бойынша арнайы курсты тәмамдаған.

Ол 2004 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалисі және 2004-2005 жылдары ел біріншілігінің жеңімпазы атанған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации