Екі дәу төбелесіп қала жаздады news video

20 ақпан, 19:33

Absolute Championship Akhmat (ACA) промоутерлік турнирінің ауыр салмақтағы чемпионы Евгений Гончаров пен осы атаққа үміткер, «Ахмат» клубының жауынгері Мохумат Вахаев жекпе-жек алдындағы сұхбат кезінде студияда төбелесіп қала жаздады.

Алматы, NEGE. Гончаров пен Вахаев арасындағы жекпе-жек 21 ақпанда Краснодар қаласында өтетін ACA турниріне жоспарланған. Осы кездесу алдында студияға сұхбат беруге келген спортшылар өзара сөз қағысып, арты төбелеске ұласа жаздады.

Видеоны ACA клубының негізін қалаушы Майрбек Хасиев түсіндірген. «Ешкім спортшыларға  өз эмоциясын бүгіп қалуға тыйым салмайды. Бірақ бір-бірін қорлау мен ұятсыз әрекеттерге баруға да жол жоқ! Олар өз әрекеттері үшін жекпе-жек алаңында жауап береді!» деп жазды ол Instagram парақшасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации