Дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
06 наурыз, 13:30

5 наурыз күні Таразда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. "Тараз-Аренада" өтіп жатқан дүбірлі додаға еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 2000-2002 жылдары туған 500-ге жуық спортшы қатысуда.
Жарыстың бірінші күнінде ұлдар 60, 66 келіге дейінгі салмақта, қыздар 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.