Чанчуньде Пекин қысқы Олимпиадасының құрметіне мұз саябағы ашылды

21 наурыз, 13:00

Фото: olympic.kz

Қытайдың Чанчунь қаласында 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы Олиипиада ойындарының құрметіне мұз саябағы ашылды, деп хабарлайды olympic.kz.

Алматы, NEGE. China Daily хабарлағандай, саябақ желтоқсан айында небәрі екі айда салынған. Мұнда биіктігі 21 метрді құрайтын олимпиада факелі бар ғимарат пен ұзындығв 420 метрден тұратын сырғанақ орналастырылған. Аталған саябақты Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең биік және ең ұзын сырғанақ ретінде енгізуді көздеуде. 

Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындары барысында Цзилиньде ешқандай жарыс өтпейді. Алайда, компания ойын кезінде 300 млн адамды қысқы спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында қатысады. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации