Бокстан үш олимпиада лицензиясы қалтада

09 наурыз, 11:27

Фото: 1xbet.kz

Амманда қазақ спортшылары бокстан тағы да үш олимпиада лицензиясын ұтып алды, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР Ұлттық олимпияда комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. «Бокстан жас өспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Рябец Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. Ол Иорданияда азиялық іріктеуде 75 келі салмақта ширек финалда табысты өнер көрсетті», - делінген хабарламада.

Амманда Токиоға жолдама алғандардың бірі – Әбілхан Аманқұлов. Команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев та Жапония астанасында бақ сынауға жолдама ұтып алып отыр.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации