Бауыржан Исламхан: Елімді сағындым

23 ақпан, 18:55

Фото: prosports.kz

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Youtube желісіндегі Nursultan Qurman тобында берген сұқбатында Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмірі туралы айтып берді.

Алматы, NEGE. «Команданы ауыстырдым. Біраз қиын болды. Алайда осындай шешімге өзім келдім. Жаңа чемпионатқа енді үйренісіп жатырмын. Ағылшын тілін дұрыс білмегендіктен, маған аудармашы көмектесіп жүр. Мен шетелде ойнағысы келетін жас футболшыларға ағылшын тілін үйренуге кеңес беремін. Ол өте ыңғайлы болады», - деді ол.

Футболшы Қазақстанды, ұлттық тағамдарды сағынғанын жасырмады.

Сонымен қатар, Исламхан «Зенитй» клубына ауысу мәселесіне де тоқталды.

«Әзірге білмеймін. Қазіргі уақытта мен «Аль-Айн» футболшысы болып табыламын. Мен келісім шартым біткенше осында ойнаймын, сосын көре жатармыз», - деді футболшы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации