Баскетболдан әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем кубогі Австралияда өтеді

28 наурыз, 09:16

Фото: Olympic.kz

Баскетболдан әйелдер арасындағы әлем кубогі 2022 жылы Австралияда өтеді, деп жазады Olympic.kz. Бұл туралы бүгін FIBA-ның видеоконференциясында ресми хабарланды.

Алматы, NEGEӘйелдер баскетболынан әлем кубогі кезеңін өткізуге екі ел үміткер болды. Астралия баскетбол федерациясы мен Ресей федерациясы арасындағы таласқа FIBA орталық кеңесі нүкте қойып, Астралия федерациясын 2022 жылғы бәсекеге жауапты етіп бекітті. 

"Бүгін FIBA атқарушы кеңесі екі федерацияның атқарған жұмысына ризашылық білдіреді. Аталған спорт мерекесін тек бір ел өткізе алады. Ол - Австралия. 2022 жылы Сидней жерінде 12 командадан тұратын 12 айлық іріктеу кезеңге бөлінген әйелдер баскетболынан тамаша тартысты жарыс өтеді деп ойлаймыз", - деді FIBA президенті Хаман Нианг. 

Әлем кубогі Сиднейде 2022 жылдың қыркүйек және қазан айларына жоспарланған. Жарыс Сидней Олимпиадалық паркінде орналасқан екі алаңда 10 күн өтеді. Баскетбол жанкүйерлері әлемнің 144 спортшысынан құралған халықаралық 12 команданың 38 ойынын тамашалайды.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации