ӘЧ-2022: Қазақстан іріктеу жебесінен өтті ме?

19 қараша, 13:56

Фото: ғаламтордан

 Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесінде қай себетте болатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Михал Билектің шәкірттері Ұлттар лигасының соңғы турында Литвадан 1:2 есебімен жеңіліп қалған. Қазақстан құрамасы 4-топта соңғы орын алды, енді С дивизиясында қалу үшін іріктеу матчын ойнайды. Жеребе кезінде себет мынадай болады: Бірінші: Бельгия, Франция, Англия, Португалия, Испания, Италия, Хорватия, Дания, Германия, Нидерланд; Екінші: Швейцария, Уэльс, Польша, Швеция, Австрия, Украина, Сербия, Түркия, Словакия, Румыния; Үшінші: Ресей, Венгрия, Ирландия, Чехия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Исландия, Шотландия, Грекия, Финляндия; Төртінші: Босния және Герцеговина, Словения, Черногория, Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Израиль, Беларусь, Грузия, Люксембург; Бесінші: Армения, Кипр, Фарер аралдары, Әзербайжан, Эстония, Қазақстан, Косово, Литва, Латвия, Андорра; Алтыншы: Мальта, Молдова, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации