Абиба Әбужақынова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

07 сәуір, 09:51

Фото: ғаламтордан

 Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Бішкекте дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Абиба Әбужақынова финалда қытайлық Ли Янанға есе жіберді. Нәтижесінде, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Осы салмақ бойынша өзбекстандық Гүлнұр Мұратова мен тайпейлік Чен Хао Лин қола жүлдені бөліп алды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации