USD
USD
USD

Несиені кім алмайды?

Бүгіннен, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздарға несие беруге тыйым салатын заң күшіне енді.

Несиені кім алмайды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа ереже Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 3 шілдесінде азаматтардың кредиттелуіне жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жазылған. 

Тақырыпқа орай: Жаңа жылдан бастап несие алу қиындайды

 

Заң бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылы 31 183 теңге) төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне қойылатын талаптар арттырылды. Бұл банктердің кепілсіз қарыздарды, әсіресе табысы төмен азаматтарға беруге экономикалық ынталандыруларын төмендетеді. Жұмыссыздарға да несие берілмейді. Себебі енді қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми кіріс туралы мәлімет болуы керек. 

 

Қазір оқып жатыр

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ