Бүгін ауа райы қандай?

05 сәуір, 07:35

Фото: inform.kz

5 сәуір күні республиканың басым бөлігінде ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы ашық, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Алматы, NEGE. Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации