USD
USD
USD

АҚШ-та адам миы құрттап кеткен

Америкалық бір тұрғын он жыл бойы миындағы құртымен өмір сүріп келген. Белгілі себептермен аты аталмаған пациент жайлы

АҚШ-та адам миы құрттап кеткен
Фото: NEGE.kz

деректі Американың CBS.21 ақпарат агенттігі таратты.

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Техас штатында бір тұрғын футбол матчы кезінде есінен танып құлайды. Осыдан кейін ол ауруханаға барып, бірнеше ай бойы басының қатты аурып, жүрегі айнитынын, жиі есінен танып қалатынын айтқан.

Сараптама оның миында ұзындығы шамамен төрт сантиметр болатын бір бөгде дененің бар екенін көрсеткенімен, ешқандай қауіпті ісік белгісін байқамаған. Тиянақты талдау жасағаннан кейін ғана әлгі адамның миында шошқа денесінде болатын таспақұртты анықтайды.

Науқас осыдан біраз жыл бұрын Мексикада жүрген кезінде шала қуырылған шошқа етін жегенін есіне түсірген. Сірә, шошқа паразиті сол кезде адам ағзасына өтуі мүмкін. Миға жасалған операциядан кейін таспақұрт алынып тасталды, қазір пациент толық айығып кеткен.

Ғалымдардың айтуынша, шошқа етінде болатын таспақұрт әдетте адамның ішегіне орналасады, бірақ кейде миға да өтіп кетеді екен. Бұндай жағдайда оны анықтау өте қиынға соғады, өйткені сырқат белгілері басқа патологиялық дерттерге ұқсап, дәрігерлерді көп жағдайда жаңылыстырады екен.

Бұған дейін Қытайдың Цзянси провинциясының тұрғыны 30 жыл бойы он сантиметрлік миқұртымен өмір сүргені белгілі. Ол кезде дәрігерлер құрттың таза емес ағын суды ішкеннен ағзаға кіріп кетуі мүмкін деп болжаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова