Мiнбер

16.03.20 Ерлан Қарин: Төтенше жағдай мерзімінен бұрын аяқталуы да мүмкін

Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібін АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехияда және тағы да басқа елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде. Бұл ретте, біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде. Төтенше жағдай режимін енгізу бұл – уақытша шара, ол ұзартылуы да мүмкін, бірақ егер эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. Бірақ әзірге, бәрімізге – мемлекеттік органдарға, бизнес пен азаматтарға жаңа жағдайға икемделуіміз тиіс. Басты басымдылық – бұл xалқымыздың денсаулығы.

14.03.20 Айтайын деп айтпайсың...

...ҰҚК-ден ең бірінші болып ақпарат алсақ – ҰҚК-нің сайты, Бас прокуратурадан алсақ – Бас прокуратураның сайты, Жемқорлықпен күрес қызметінен алсақ – Антикордың сайты, Өрт сөндіру қызметінен алсақ – өрт сөндірушілердің сайты болып шыға келетін түріміз бар.

13.03.20 Төрегелді Шарманов: Бір үйірге – бір айғыр. Неге?

«Табиғатта барлық жан-жануар полигамды. Мысалы, 10 тауыққа – бір ғана әтеш, 10 сиырға – бір бұқа, бір үйір жылқыға – бір айғыр. Бұл не? Бұл – табиғат заңдылығы. Ал адамдарды шектеп тастады. Бұрынғы кезде көп әйел алған байлар болды. Оның барлығы мүмкіншілікке байланысты. Сенің табиғатың мүмкіншілік берсе, қанша әйел алсаң да болады»

12.03.20 Коронавирус Қытайдан «көшіп» жатыр

Коронавирус әлемнің 120-дай елін жайлады. Италия індеттен қайтыс болу көрсеткіші бойынша Қытайдан асып кетті. Алдынғыларын айтпағанда, бір тәулікте 4000-ға жуық адам вирус жұқтырған. Оның ішінде, Англияның денсаулық сақтау министрі, Иранның бірінші вице-президенті, «Ювентус» ойыншысы, басқа да спорт шеберлері, сондай-ақ, әйгілі кино жұлдызы Том Хэнкс жұбайымен бірге вирустың тұзағына түсті.

10.03.20 Тілеухан Әбілдаев: Бекшин өзі жауап берсін

Бас санитар Жандарбек Бекшиннің «кәрі құдасын» көптен күтіп жүрген адамдай: «Біздің болжамымыз бойынша 11-16 наурызда біздің елде коронавирус ақыры анықталуы тиіс» деуі түрлі ойға жетелейді. Ақыры анықталады екен, онда неге Біртанов «Б» жоспарын ертерек іске қоса бермейді?    

07.03.20 Академик Төрегелді Шарманов Nege.kz арқылы қыз-келіншектерді құттықтадыnews video

Тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов Nege.kz порталы арқылы еліміздің қыз-келіншектерін халықаралық мерекемен құттықтады.

05.03.20 Миллиардер Өтемұратов зейнеткермен жекпе-жекке шыға ма?news video

«Халық сотына шақырамын! Ашық жекпе-жекке шақырамын! Тек қана сіз және мен! Жалдамалылардың керегі жоқ! Мемлекеттік қызметте жүріп, қысқа уақыттың ішінде 3,4 млрд доллар тапқан керемет бизнесмен екеніңізді бүкіл әлемге дәлелдеген жоқсыз ба?!»

03.03.20 Басқарма басшысы «жүздеген қытайға» байланысты жауап берді

Nege.kz порталының редакциясына хабарласқан оқырманның дерегі бойынша бүгін «Алматыдағы ауруханада «жүздеген қытай» НЕГЕ жатыр?» деп аталатын мақала жариялағанбыз. Осыған байланысты редакцияға Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың өзі хабарласты.