Мiнбер

21.04.20 Виктория Трегубова: Жүрегім қазақ деп соғадыnews video

Виктория Трегубова – Тараз қаласының тұрғыны. Өзін ұдайы «орыстың қазақ қызымын» деп таныстырады. Қазақ ауылында өсіп, қазақ мектебін бітіргендіктен, мемлекеттік тілді жетік біледі. Мамандығы – журналист. «Ақыл жастан» деген тәмсіл бар, бұған Виктория Трегубовамен аз-кем сұхбаттасқанымызда көзіміз тағы бір рет жеткендей болды.

17.04.20 «Ердоған індетпен күреске жеті айлық жалақысын қосты»

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар бойынша Түркия алғашқы ондықта тұр. Қазірге дейін елде қауіпті індетке шалдыққандар саны 65 мыңнан асып, 1600-дей науқас дерттен көз жұмды. Nege.kz тілшісі Анкара Кажы Байрам Вели университеті докторанты Мырзахан Байжанұлымен тілдесті.

15.04.20 Отандық фермерлер: Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнді

«Фермерлердің жолы жабылып, аяғы тұсалды. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп тұр». «Шопан Ата» республикалық қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде осылай деп дабыл қақты. Nege.kz тілшісі мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.

14.04.20 Ағабек Қонарбайұлы: 24 сәуір – Рамазан айының бірінші күні

Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталады деген шешім қабылданды

11.04.20 Махаббат Төлеуғазина: Қазақтар испандардың қателігін қайталамауы керек

Коронавирус індеті Еуропа елдеріне, соның ішінде Италия мен Испанияға ауыр соққы боп тиді. Қашаннан туристерге толы елдердің әсем қалалары бүгінде сілтідей тынып, дамыл тапқан. Әуелгіде оларға вирус келмейтіндей көрінген. Тек алғашқы өлім дерегі тіркелген соң, жергілікті халық сақтана бастады.

01.04.20 Тұңғыш Кесебаев, дәрігер: Біз қатардағы жауынгер сияқтымыз

Бізге ғана емес, бүкіл әлемге тұтқиылдан келген індет біраз құндылықтарды өзгертетін сияқты. Яғни, бұдан былай "карантинге дейінгі" және "карантиннен кейінгі" деп әңгіме бастайтын да шығармыз, кім білсін?! Шын мәнінде, біздің қоғам бүгінге дейін қандай еді? Біз адам жанын арашалап қалуға күш салатын дәрігерге қалай қарадық? "Ақ халатты абзал жан" деп сөз жүзінде құрмет көрсеткенмен, өз биігіне шығара алдық па? 

31.03.20 «Қытай темірдей тәртіптің арқасында аман қалды»

Қытай қауіпті індеттің бетін қалай қайтарды? Қазақстан билігіне не істемек керек? Nege.kz тілшісі Бейжіңдегі Қытай коммуникация университетінде кино және телевидение факультетінде оқып жатқан отандасымыз Құралай Әбеновамен сұхбаттасты. 

27.03.20 Біздегі карантин: Қытай қазағының көзімен

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі қатаңданады. Олай етпеске амал жоқ. Жұрт әлі бейқам. Жұқпалы дерттің қаупін түсініп үлгерген жоқ. Ештен кеш жақсы. Мұндай кезде қатаң шара қолданбасқа болмайды. Қытай коронавирусты қалай еңсерді? Nege.kz тілшісі мәселенің жай-жапсарын білетін куәгермен тілдесті.