Галстук байлай алмайтын ұрпақ келді

03 ақпан, 12:01

Фото: видеодан скриншот

Помпеоны күтіп алған дипломаттарға бәрі күліп жатыр. Шынында да олар қара күртеше мен малақай киген, қолын қалтасына салған таксист сияқты. Пампео ұшақтан ақ жейде, галстукпен түсті. Үстінде пальто, жалаңбас. Күтіп алушылармен салыстырғанда әлдеқайда ұтымды көрінеді.

Менің ойымша, мұндай жағдай ертеректе басталды. Астананы Ақмолаға көшірген тұста. Жағдай жоқ, күн суық. Жылы киініп жүргеннің несі айып? Қорқынышты тондар пайда болды, қаракөл бас киімдер, түкті бейсболкалар (!). Қызметін енді бастаған шенеуніктерді түсінуге болар еді, өйткені олар аязда аялдамада автобус күтеді, баратын жеріне жаяу барады. Ал енді жоғары шенділерді көшеде жаяу жүрмейді десе де болады. Жер асты паркингі, көлігі босағасында тұрады, жеке жүргізуші.

Оншақты жылдан бері үкімет басшылары облыстарға тәуір пальто киіп келген емес. Пампеоны күтіп алған дипломаттар сияқты киінеді. Тізеден жоғары қара куртка, кепка, тіпті водолазкамен де жүре береді. Құдды бір Антибиотик павлодарлық братваға мәселе шешуге келгендей.

Аяқ киімдері туралы айту да ұят. Үкімет отырысына келсеңіз, түрлі аяқ киім көресіз. Квадрат немесе ортағасырлық кейіпкердікіндей бізтұмсық, альпинистің бәтіңкесі, тағысын-тағылар. Былай қарасаң, ақшасы да бар, үйінде күтуші ұстайды, ал түрлері студент сияқты. Өмірі гуталинді (аяқ киім майы) көрмегендей.

Астанада галстук тағып жүреді, әйтеуір. Алматыда консерватизмнің иісі шығып тұруы тиіс банктердің өзінде он бес жылдан бері галстукті ұмытқан. Басқа елдер сияқты жұма ғана емес, мүлдем тақпайды. Менің ойымша, мұның түсініктемесі бар. Логарифм сызғышы мен инженерлік калькулятор пайдаланатын ұрпақтың жоғалғаны сияқты, галстук байлай алмайтын еркектердің буыны қалыптасты. Сәнге құмар халқымыз үшін галстук таға білмеу ақылға сыймайды.

Үйленсең, әке-шешең көмектесе алмайды. Атаң өліп қалған. Әйелің де олақ. Содан галстук тақпауға тура келеді. Ештеңе етпейді, бізде банктің басқарма төрағасы да галстуксіз жүре береді.

Міне, көрдіңіз бе, Помпеоны күтіп алған дипломаттар бұған кінәлі емес. Олар да осы қоғамның өнімі.

Айдан Кәрібжановтың фейсбук парақшасынан

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации