Ерлан Қарин: Төтенше жағдай мерзімінен бұрын аяқталуы да мүмкін

16 наурыз, 15:58

Фото: facebook

Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібін АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехияда және тағы да басқа елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде. Бұл ретте, біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде.

Төтенше жағдай режимін енгізу бұл – уақытша шара, ол ұзартылуы да мүмкін, бірақ егер эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. Бірақ әзірге, бәрімізге – мемлекеттік органдарға, бизнес пен азаматтарға жаңа жағдайға икемделуіміз тиіс. Басты басымдылық – бұл xалқымыздың денсаулығы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации