Ерік Байжүнісов, дәрігер: Індет өршіп тұрғанда дәрігерлерді емексітпеу керек еді. НЕГЕ?

11 мамыр, 19:53

Фото: time.kz

Індет өршіп тұрған тұста дәрігерлерді төлемақымен аяқ астынан «бақытты» еткіміз келгені бекер болды. Неге?

Медицинада бәрі байланысты. Бір сала екіншісінсіз жұмыс істемейді, тарихтан солай құрылған. Бір бөлігін үзіп алсаң, барлық тізбек бүлінеді. Сондықтан медицинада бір бағытты екіншісінен бөліп алуға болмайды. Жақсартуға, жеңілдетуге, тазалауға болады, үзуге болмайды.

Керісінше де дәл солай. Тізбектің бір бөлігін бөліп алып, оқшаулау – қате. Инфекциялық қызмет өте маңызды, әрине. Бірақ емханаларсыз оның тиімділігі аз. Бәрі сол жерден басталады. Алғашқы байланыс, бәрі-бәрі. Сараптама алынады, алғашқы диагноз қойылады, науқастар одан әрі тізбек бойынша жіберіледі. Одан кейін – салалық мамандар, зертханалар, КТ, МРТ және басқалары. Осыдан соң ғана стационар. Инфекциялық сала – осының ішінде. Егер бұлай болмаса, жедел жәрдем бар. Бірақ бәрібір емханаларға беріледі. Олар учаскелерге жүгіріп, байланыста болғандар мен жұқтырғандарды анықтайды.

Тағы бір мәселе: қаралушылар алдымен басқа қабылдау бөліміне жиі түседі. Оларды әрі-бері сүйрелеп, содан кейін ғана диагнозын анықтап, қажет жерге жібереді. Хирургиядан бастап, түберкулезге дейін. Науқастар алдымен қабылдау бөліміне түсетінін ұмытпайық.

Міне, тізбектегілердің бәрі жаппай індет жұқтыратыны осыдан. Қай жерден қателік кеткенін тауып көріңіз. Мүмкін емес.

Мұны не үшін айтып отырмын? Өйткені біз жүйенің ішіне өзара алауыздық орнатып алдық. Мұның салдары қиын болмақ. Менің әріптестерім әдеттегідей үнсіз міндетін атқара берер еді. Төлемақы бермесе де. Енді міне, бұған ашу мен өкпе қосылды. Бұл дәрігер үшін жақсы нәрсе емес.

Қалай істеу керек еді? Індет тоқтаған соң, мәселен, Дәрігерлер күніне орайластырып бәріне бір реттік және қомақты көмек жасау керек еді. Қатаңдау көрінуі мүмкін, бірақ әділетті болар еді.

Бізде бірін-бірі ауыстыра беретін түсінік бар. Учаскелік дәрігерлер стационарға, жедел жәрдемге жиі кезекшілікке тартылады. Көпшілігі бірнеше жерде жұмыс істейді.

Қазір адамдарды қосымша жүктеме арқалауға көндіру қиын. Не істеу керек? Егер әкімдер бұл жұмысқа атсалысып, қаржылық жүктеменің бір бөлігін өз мойындарына алса, жақсы болар еді. Блокпосттарда, учаскелерде, кір жуатын орындарда, стационарларда, басқа жерде жүргендердің бәрін қамту үшін.

Осының бәрі мүмкін болса, әрине. Әзірге барға қанағат...

Өздеріңізді және жақсы дәрігерлерді сақтаңыздар!

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации