ЕАЭО: «Қазақстан – «Титаникке» қаңтарылған қайық»

25 қаңтар, 18:46

Фото: карикатура

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік хакерлердің әрекетіне, Алексей Навальныйды улауға және Ауғанстандағы америкалық сарбаздарды өлтіргендерге тағайындалған сыйақыға қатысты істерді тергеуге барлау қызметіне пәрмен берді.

Бұл туралы Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтбаев пікір білдірді. Саясаттанушының пайымдауынша, осы тергеудің нәтижесінде Ресейге қарсы қатаң экономикалық санкциялар салынса, рубль бағамы барынша құлдырайды. Онда Қазақстанның да қауіпті аймақта қалғаны.

Д.Сәтпаев

Бұл жайт сарапшыларды қатты алаңдатып отыр. ЕАЭО секілді ресейшіл жобаларға наразылық ұлғайып барады. Әлеуметтік желілерде бұл анық байқалады. АҚШ Ресейге шындап тырнағын батыратын болса, бұл наразылық барынша үдейтін түрі бар.

«Біз екі оттың арасына өз еркімізден кірдік. Бір жағынан алғанда, ЕАЭО шеңберінде әскери өнеркәсіптік кешенге, жанар-жағармай қуат кешеніне және қырғи-күштік құрылымдарға ғана арқа сүйеген Кеңес Одағын еске түсіретін экономикалық аутсайдермен біріктік. Екінші жағынан, Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздігі жылдарындағы «экономикалық дамуымыз» да аңыз болып қалды. Бәрі шикізат сатуға, шикізат нарығындағы жағымды баға конъюнктурасына тіреліп отыр», – деп түйіндейді сарапшы.  

Досым Сәтбаевтың пікірінше, бұл елімізді ғаламдық деңгейде «экономикалық аутсайдер» етті. Тіпті, түрлі сыртқы факторларға тәуелді болуға итермеледі. Шикізат «элитасының» мүддесіне емес, мемлекеттік ұлттық мүдделеріне сай «тәуелсіз» экономикалық саясат жүргізілгенін жоққа шығарады.

«Біз теңіздің түбіне құлдилап, батып бара жатқан Титаникке байланған тас секілдіміз. Темір перде қайта түседі. ЕАЭО-дан шығу керек. Бұдан тек зиян келеді. Экономика кері кетеді. Гиперинфлияция. Әрі қарай тақыр кедейлік. Ешқандай даму болмайды. Бұл – құрдымға кететін жоба», – дейді Ерік Қожахметов атты қолданушы.

Е.Қожахметов

Үмітсіз шайтан. Ел арасында мойымауға шақырғандар да бар.

«Бар үміт Навальныйда! Біз Ресейде шеруге шыққан адамдарды жұмыла қолдауымыз керек», – деп пікір білдіреді Жұлдыз Нұрбекова.

«АҚШ билігіне демократтар келсе, Путин режимінің күні қараң» деген сөз бұрыннан айтылып келеді. Байденнің мына бұйрығы жай қыр көрсетуге мүлде ұқсамайды. Белін бекем буған адамның сөзі секілді.

Джо Байден

«Титаник» фильмі естеріңізде болса, соңғы сәтте билетті картадан ұтып алып, әне-міне дегенше жүргелі тұрған алып кемеге жүгіріп кіріп үлгерген Джек Доусон деген басты кейіпкер бар. Ол бұл сапарға қатты қуанады. Махаббатын да табады. Біз де ЕАЭО атты «титаникке» отырып үлгердік. Қазақстанның Ресейге деген махаббаты да шексіз.

Ендігі мәселе: құтқару қайықтарынан бізге бір орын тие ме, жоқ па? Бүгінгі күннің басты сауалы – осы.

#еаэс #путин #лукашенко #тоқаев #байден
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации