Академик Төрегелді Шарманов Nege.kz арқылы қыз-келіншектерді құттықтады news video

07 наурыз, 21:13

Тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов Nege.kz порталы арқылы еліміздің қыз-келіншектерін халықаралық мерекемен құттықтады.

Алматы, NEGE. «Әйел деген жалпылама ұғым. Ол – менің қызым, қарындасым, әпкем. Әйел дегенде бір әйелді ғана емес, жалпылама айтатыным сол. Сондықтан әр әйелді қызым, қарындасым, әпкем деп есептеймін.

Өзіңнің ең жақын адамыңа не тілейсің? Тек қана жақсылық тілейсің! Олардың әрқайсысы жігіттердің сүйіктісі, қарындасы, әпкесі. Сондықтан да тек қана жақсылық тілеймін, бақыт тілеймін!».

Академик Төрегелді Шармановпен сұхбаттың толық нұсқасын алдағы аптада көресіздер. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации