Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы қашан өтеді?

21 мамыр, 11:29

Фото: strategy2050.kz

Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, оған түрлі өңірлер қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды. 

Алматы, NEGE. «Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың күн тәртібі адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім саласын дамыту мәселелеріне арналады» деп жазады Ерлан Қарин. Ақпан айынан бері Ұлттық кеңес мүшелері елдегі білім жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар мен кеңестерді қарастырып келеді. Оның барлығы алдағы 27 мамырда өтетін отырыс барысында талқыланады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации