Үкімет отырыстары онлайн өтеді

16 наурыз, 11:17

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығымен еліміздің аумағында COVID19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы күрес және азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары күшейтілуде.  

Алматы, NEGE. Осыған байланысты  16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Үкімет үйі ғимаратында келушілер және кеңестерге қатысушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізіледі.

«Үкімет отырыстары онлайн режимде PrimeMinister.kz сайтында және ресми аккаунттарында таратылады. Шаралардың трансляциясы туралы алдын ала хабарлайтын боламыз», - делінген хабарламада. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации