Түркиямен құпия әскери ақпараттарды сақтау туралы келісім бекітілмек

28 ақпан, 11:49

Фото: zakon.kz

Қазақстан Түркиямен құпия әскери ақпараттарды сақтау туралы келісім бекітуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Алматы. NEGE. «2018 жылдың 13 қыркүйегіндегі Анкарада жасалған Қазақстан Республикасы үкіметі мен Түрік Республикасы үкіметі арасындағы әскери салада құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы келісім бекітілсін», – деп көрсетілген үкімет қаулысы жобасында. Бұл келісім әскери салада құпия ақпараттар беру, халықаралық шарттардан туындайтын құпиялылықты қорғау, ол бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар, оларды қолдану тәртібін қарастырады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации