Тоқаев тапсырма берді

26 ақпан, 14:04

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының 2019 жылғы жұмысының қорытындылары және теміржол саласын дамыту перспективалары жайында баяндалды, делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне компания жұмысына қатысты кейбір заңнамалық және реттеу аспектілеріне қатысты мәлімет берген.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауат Мыңбаевқа жүк тасымалының көлемін ұлғайту, контейнерлік транзит, отандық тауарлардың үлесін көбейту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру секілді бірқатар нақты тапсырма берген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации