Тоқаев шұғыл жиын өткізді

09 наурыз, 13:40

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет және Мемлекет басшысына қарасты органдардың басшыларымен шұғыл шара өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Алматы. NEGE. Әлемдегі қаржылық-экономикалық мәселелер мен оның ел экономикасына ықпалы талқыланып, Президент үкіметке, Ұлттық банкке және басқа мемлекеттік органдарға  бірқатар нақты тапсырмалар берді. Басты тапсырма – халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық орындау.

Президенттің тапсырмасымен премьер-министрдің тікелей басшылық жасайтын шұғыл әрекет штабы құрылды. Дағдарысқа қарсы жоспар әзірленбек. Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке ұсыныстар енгізгелі отыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации