Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20 наурыз, 21:16

Фото: ғаламтордан

Мемлекет басшылары шекаралас қос елдегі коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылаған.

Алматы, NEGE. Президенттер Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің белсенді байланыстарын атап өтіп, екі елдің атқарушы органдары іс-әрекеттерінің үйлесімділігін күшейтуге байланысты ортақ пікір айтты, делінген akorda таратқан ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге сынама-жүйесінің 4 мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді. Ресей Президенті өндірістің ұлғаю мүмкіндігіне қарай гуманитарлық көмек ретінде берілетін сынама-жүйесінің жиынтықтар санын арттыра түсетінін  жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Ресей арқылы келетін  және шекаралық аймақтағы Қазақстан азаматтарының қайтуына ықпал етуді сұрады. Владимир Путин туындаған мәселені шешуге Ресей үкіметі көмектесетінін айтты.

Ресей Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылдарды нығайтудың маңыздылығын атап өткен. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін конституциялық реформалардың табысты жүзеге асырылуымен құттықтап, жалпыұлттық дауыс берудің оң нәтиже беретініне сенім білдіріпті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации