Тоқаев Бородавкинмен қазақстандық-ресейлік әріптестік болашағын талқылады

20 мамыр, 18:25

Фото: kaztag.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР-дағы Ресей елшісі Алексей Бородавкинмен қазақстандық-ресейлік әріптестік болашағын талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, «сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді».
«Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды», - делінген хабарда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации