Тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды

25 ақпан, 12:59

Фото: azattyq.org

Белсенді Дулат Ағаділ «Нұр-Сұлтан» тергеу изоляторында қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - дейді полицейлер.

Дәрігерлердің анықтауынша, белсенді жүрек қантамырлары ауруынан көз жұмған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол изоляторға 24 ақпанда жеткізілген.

Сонымен қатар, онымен бірге камерада тағы төрт адам болған. Марқұмға қатысты ешқандай зорлық-зомбылық фактілері болмаған деп мәлімдеді ведомство.

Сот сараптамасы оның ұсталған кезде мас күйінде болғанын анықтаған. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации