Президент Тоқаев: Қазақстанда тұратын барлық ұлттар шын мәнінде бір ұлт болып саналады

29 ақпан, 17:05

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайға сапарының алдында Информбюро тілшісіне сұхбат беріп, біраз ушығып тұрған мәселеге, оның ішінде қазіргі ұлтаралық жағдайға қатысты пікірін білдірді. Nege.kz оның ең маңызды жерін іріктеп алып, назарларыңызға ұсынып отыр.

- Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ұлтаралық қақтығыс біздің қоғамды дүр сілкіндірді. Мұндай қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін мемлекет не істейді?

- Ертең, бірінші наурызда, мен Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барамын. Оның барысында қазақтар мен дүнгендер тұратын Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отырмын. Ұлтаралық, этносаралық қатынастар мәселесіне келгенде қазіргі көзқарастарды қайта қарау керектігі анық болып тұр. Қазақстан достық пен келісімнің аумағы болды және болып қала беруі тиіс. Бізде тұратын барлық ұлт мен этникалық топтар, шын мәнінде - біртұтас ұлт. Бізді шетелде «қазақтар» деп атайды, өйткені мемлекетіміздің атының өзі ұлттың атауынан құрылған.

Қазақстанда тұрақты тұратын әр этникалық топ өз тілдерін оқып үйренуге, қолдануға, мәдениетін дамытуға және салт-дәстүрін сақтауға құқылы және солай болып қала береді.

Сонымен бірге, қазақ тілі жедел дамып, болашақта нағыз ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керек.

Мен әлем ғылымы мен мәдениетімен танысуға жол ашқан орыс тілінің тарихи маңыздылығын жоққа шығармаймын. Ол тілді де білу керек. Мұның біз үшін тек пайдасы бар. 

#тоқаев #қордай
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации