Президент коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

10 сәуір, 17:17

Фото: Yandex.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Тоқаев дәрігерлердің коронавирус жұқтыруына жол беруге болмайтынын айтты.

"Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтырып жатқаны алаңдатып отыр. Ауруға шалдыққан бес адамның біреуі – медицина қызметкері. Бұған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуда. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Науқастарды емдейтін медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу керек. Олар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, дем алатын және уақытша тұратын жерлерін де мұқият ойластырған жөн", - деді Президент.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации