Саясат

27.11.19 Тоқаевты Жиенбеков әуежайдан күтіп алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Қ.Тоқаевты әуежайдан Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков күтіп алды. Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

27.11.19 Ескіден келе жатқан егес

Еліміздің билік тізгінін ұстаған топтар арасындағы текетірес үдеп барады. Бұл бақталастықтан гөрі есеп айырысуға көбірек ұқсайды. Бұлай деуімізге Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель, Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров және басқа да тұлғалар төңірегіндегі қым-қуыт оқиғалар дәлел болып отыр. 

27.11.19 Украинамен экстрадиция туралы келісім-шарт бекітілді

Қазақстан Украинамен экстрадиция туралы келісім-шартты бекітті. Бұл туралы, Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

26.11.19 Марат Тәжин Чехияға елші болып тағайындалды

Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Чехияға елші болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

25.11.19 ҚЫЖЫРТПА. «Алтын күн аспаны...»

Әй, ақыры таптық-ау! Тапқанда да дөп түскен сияқтымыз. «Елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық NEGE тоқтамайды?» деп сан мәрте бас қатырған жұртпыз ғой, өзіңіз білесіз. Бұл туралы айтпаған адам, демеген кісі жоқ. Қабылданған бағдарлама иттің басынан көп. Бірақ біз жемқорлықты бәрібір жеңе алмай жүрміз. Жемқорлық бізді күн сайын жеңеді.

22.11.19 Қазақстан мен Швейцария басшылары брифинг өткізді

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ули Маурер бұқаралық ақпарат құралдары үшін «Ақорда» резиденциясында бірлескен брифинг өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

22.11.19 «Өзгеріс керек!»

Қоғам белсенділері осындай талап қойды. Мажоритарлы-пропорционалды жүйеге көшу, партия мүшелерінің санын қырық мыңнан бір мыңға дейін қысқарту мәселесін көтеріп отыр. Ол үшін алдымен сайлау туралы, саяси партиялар туралы заңға өзгеріс енгізілуі тиіс. Бұл мәселені республикалық референдум өткізу арқылы шешуді ұйғарыпты. Десе де, референдум төңірегінде үміттен гөрі күдік басым.

19.11.19 «Екі түйе сүйкенсе...» Күштік құрылымдардың текетіресі немен тынады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Алик Шпекбаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтың арасындағы қақтығыс Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үстінен қозғалған қылмыстық істен басталған тәрізді.