Саясат

24.12.19 Әйелдер партиясы құрылуы мүмкін бе?

«Бізде еркектер 45 жастан асқан әйелдерді кәрі санайды екен. Оларға тіпті банктер несие де бермейді»

24.12.19 Сағынтаев үй аралады

Объектідегі құрылысшылармен сөйлескен Бақытжан Сағынтаев құрылыстың тапсыру мерзімін сақтау қажеттігіне және жүргізіліп жатқан ішкі және сыртқы жұмыстардың сапасына назар аударды.

24.12.19 Қазақстан тонналап алтын өндіреді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков бастаған бір топ сенаторлар Сенат Төрағасы Д.Назарбаеваның тапсырмасы бойынша «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының қызметімен танысты. Бұл жөнінде Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

24.12.19 Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке не тапсырды?

Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті

24.12.19 Доңыз жылындағы дақпыртты 10 сот процесі

Биылғы жылы елді дүрліктірген сот процестері аз болған жоқ. Nege.kz порталы солардың ішіндегі ең дақпыртты деген 10 істі іріктеп алды

23.12.19 Немереге алимент төлеу керек пе?

Судья: «егер ата-анасы осындай жауапкершілігі төмен жігітті тәрбиелесе, онда олар баласы үшін алимент төлеуі тиіс» деген уәжді айтады

21.12.19 Ескерткіш

Ауылдың орталық көшесіндегі «Сыра дүкенінің» жанында ескерткіш пайда болды. Екі қолды мықынға қойып, дамбалшаң жымиып тұрған жартылай жалаңаш еркектің сап-сары саз балшықтан сомдалған мүсіні. Бұл ауыл сырт көзге шағын көрінгенімен, ірі-ірі қоғам қайраткерлері шыққан, белгілі саясаткерлерді туғызған құтты мекен. Басқаны білмейміз, бұл ауылдың өзгеге ұқсамайтын өз заңы, өз ережесі бар. Сондықтан да кей кезде осындай тосын жаңалықтар болып тұрады. Орталық көшедегі «Сыра дүкенінде» кейде сатып алуға тұрарлық зат болмай қалуы мүмкін. Алайда, қысы-жазы сыра үзілген емес. Сол себепті де ел оны «Сыра дүкені» атап кеткен. Ал енді, осындай мәртебелі жерге мүсін қоюдың өзі көп нәрсені аңғартса керек. *** Ауыл әкімі жұмысына бара жатып, мәшиненің терезесінен ескерткішті байқап қалды. Кабинетіне кіре сала ауданның архитекторын өзіне шақырып алып, әжептәуір шүйлікті. – Орталық көшедегі ескерткіш қайдан пайда болды? – Білмедім, басеке... – Басқа-басқа, архитектор сенің білмеуің қалай? – ?.. «Ақыры ескерткіш пайда болған екен, оны енді алып тастауға болмайды. Ел көріп қойды» деп шешті әкім. Тым құрыса халықты жинап, неге салтанатты түрде лентасын қимасқа? Түске дейін ескерткіштің «авторын» таппай келген архитектор әкімнің алдында дағдарып отыр. Әкім «не істемек керек?» деп ойланып отыр. Архитектор «не істер екен?» деп ойлап отыр. Басшы сөз бастады. – Осыны әкеліп қойған кісісі табылмаса, неге біз оны «Құдайдың сыйы» деп жарияламаймыз? – Тауып кеттіңіз, басеке! Өте дұрыс айтасыз! Ұлыларды тудырған ұлы ауылға – ұлы мәртебелі Құдайдың сыйы! – Онда құдайтектес біреудің атымен атап, ескерткіштің астына арнайы тақта ілдіріңдер! – Құп болады, басеке!.. *** Архитектор мықшыңдап «Гермес» деген жазуы бар тақтаны ескерткіштің тұсына қадап жатыр. Мықынын таянған дамбалшаң ескерткішке мықынын таянып әкім қарап тұр. Оларға ауылдың сыйлы ақсақалы келіп қосылды. Аман-сәлемнен соң, ақсақал сөз бастады. – Мыналарың кім, тағы да? – Кімі қалай, бұл – Гермес қой?! – Оның кім еді соншама?.. – Гермес – грек аңызындағы Құдайдың шабарманы! Бұл - әкімнің сөзі. Бастығына жағынып қалайын деп әрі білімдар көрінейін деп архитектор да сөзге араласты. – Гермес – тек Құдайдың шабарманы ғана емес.., саудагерлердің, жолаушылар мен ұры-қарылардың пірі!.. Шалдың сақалы шошаңдап кетті. – Кермес-сермес дегенді қайдан шығардыңдар? Қай ауылдың пәлесі ол?.. – Ақсақал, көне грек заманында Құдайлар адамдарға, өздері қалаған ауылдарға осындай сый-сияпат жасайды екен. Мына ескерткіш те көктен түскендей кеше ғана пайда болып, ауылымыздың құт-берекесін... – Тәйт әрі! Бұл – текіректінің ауылы, текіректінің жері! Қай-қайдағы қаңғыбас оралмандарыңа ескерткіш қоятын жер емес! Аулаққа апарып лақтырып тастаңдар мына бәлелеріңді... – Ақсақал, мәдениетті сыйласаңызшы. Еуропа мен Азияны аузымызға қаратып отырып, әлемдік мәдениеттің белгісін қалай ғана лақтырамыз?!. – Әй, мен сендерге айттым ғой, көзін құртыңдар мына бәлені, ыржитпай! Сендер білесіңдер ме, менің баламның кім болып істейтінін?!. Әкім мен архитектор жым болды. Расында, шалдың баласы әкімді ескерткішімен қосып мәдениет-әдебиетіне қарамастан шоңқайтып тастайтындай күшті қызметте еді... *** Осы әңгімеден кейін ауыл халқы екіге жарылды. Бірі – ескерткіштің көзін жоюға мүдделі «жершіл» текректілер де, екінші топ – мәдени мұраны қолдаушы «жаңашыл» текіректілер болып. «Герместің» маңы ығы-жығы халыққа толды да кетті. Күнде митинг, күнде сайыс. Екі тәуліктен кейін ел көшеге плакаттар мен ұрандар ұстамаса, шыға алмайтын халге жетті. Қаладан журналистер келіп хабарға түсірді. Артынша бір автобус оппозиция өкілдері, олардың артын ала бере екі автобус полицейлер келді. Орталық көшеде өмір қызды. Сыра шелегімен емес, бөшкесімен сатылды. Екіге жарылған ел облыс басшылығын былай қойып, тұп-тура үкімет үйіне хат жазғалы жатқанда ескерткіштің «авторы» табылды. Сол ауылдың ішкілікке салынып кеткен өнер «қайраткері» - мүсінші Пәнзу екен. Ол байғұс суға батып өлген әкесінің басына белгі қоймақ болып осы ескерткішті жасаса керек. Кісі бойы мүсінді «Сыра дүкеніне» дейін көтеріп келген де, сол жерде аздап ұрттағаннан соң, бір ай тоқтаусыз ішетін әдетімен «арақ қуып» кеткен. Ішкіліктен әбден айыққан кезінде екі дай болып керісіп жатқан ауылдас ағайындарын елең етпестен ескерткішті алды да, әкесінің зиратының басына апарып орнатып қойды. Жәй ғана орната салған жоқ, біреу-міреу алып кетпесін дегендей ескерткішті ортан белінен жерге көміп тастады. Қызық! Суға батып өлген кісінің басында жерден шығып келе жатқан адамның мүсіні пайда болды. *** Орталық көшесінде «Сыра дүкені» бар ауыл көп ұзамай қайтадан бұйығы өміріне көшті. Ешқандай да талас-керіс болмағандай. Мүсінші Пәнзу де баяғысынша ішіп жүр. Енді ауыл өміріне қозғалыс әкелетін өнер туындысын өмірге қайта әкеле алмайтындай... Қанат ЕСКЕНДІР.

21.12.19 Жаңа елшілер тағайындалды

«Қазақстанның Словакия, Эстония, Жаңа Зеландия, Камбоджо және Лаостағы елшілері тағайындалды», – деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.