Саясат

04.03.20 Көлгінов қызметінен кетпейтін болды

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті өкілдері Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «пара алды» деп айыпталған елордалық Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың қылмысы үшін жұмыстан кетпейтінін жеткізді

04.03.20 Чеботарев: «АҚШ демократиялық ел ме, өзі?»

АҚШ-та бәрін электорат шешеді. Бірақ қоғамда жиі кездесетін наразылықтар мен сындарға қарамастан, тіпті, жергілікті деңгейде де билік органдарына тек қана аталған екі партияның өкілдері ғана сайланады. Бұл сауалдың жауабын маған әлі ешкім берген жоқ

03.03.20 Жәкішевті не үшін босатты?

Мұхтар Жәкішев 11 жылдан соң бостандыққа шықты. Әзірге шартты түрде.  Оның тұлғасына қатысты қоғамда әртүрлі пікір бар. Бірі «саясаттың құрбаны болды» десе, екіншілері «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деп қабылдайды. Десе де, осы уақытқа дейін Жәкішевтің тағдыры қоғамда қызу талқыланып келді және оның бостандыққа шығатынын қоғам жақсы қабылдады. Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шығуына қатысты сарапшылар Nege.kz порталына пікір білдірді.

03.03.20 Аграрлық несие корпорациясының экс-басшысы қамауға алынды

Нұр-Сұлтанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ экс-басшысы Нармұхан Сарыбаев екі айға қамауға алынды

03.03.20 Шыңғыс Мұқан Ұлттық сенім кеңесінің құрамына кірді

Қоғам белсендісі, журналист Шыңғыс Мұқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына қосылды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

03.03.20 Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

03.03.20 Қала әкімі сөгіс алды

Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтан сөгіс естіді.

02.03.20 «Облыс әкімінің орынбасарына қатысты іс басқа сипат алуы мүмкін»news video

Өткен аптаның аяғында Nege.kz порталында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты мақала жарияланған. Онда редакцияға хабарласқан ақпарат көзінің «облыс әкімінің орынбасары Р.Мамуновты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «пара алды» деген күдікпен ұстағаны» жайлы дерегі айтылады.