Саясат

26.02.20 Тоқаев тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады.

25.02.20 Министр орынбасарының лотерея ойнайтынын білмейді

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұловтың лотерея ойнап, бір бөлмелі пәтер ұтып алғанын жазғанбыз. Осыған байланысты министр Дәурен Абаевтың атына жолдаған ресми сауалымызға министрліктің жауапты хатшысы Ж.Қожахметовтен хат келді.

25.02.20 Дулат Ағаділдің өліміне қатысты алматылық белсенділер полиция департаментіне келді

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты Алматыда полиция департаменті алдына бір топ белсенділер жиналды, деп хабарлайды Hola News.

25.02.20 Тұрғымбаев: Митингіде ұсталған 53 адамның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстанда митингіде ұсталған 53 адамның 10-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

25.02.20 Дулат Ағаділ кім еді?

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділ Астана абақтысында жұмбақ жағдайда қаза болды. Билік зорлық-зомбылықты терістеп, өлім себебін жүрек-қантамыр жетіспеушілігі деп атап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.

25.02.20 Тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды

Белсенді Дулат Ағаділ «Нұр-Сұлтан» тергеу изоляторында қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

25.02.20 Президент Кәлетаевқа тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.  

25.02.20 «Қазақ әлемі»: Жириновский неге қазақ бола алмады?

«Теледидарды қоссам – қазақша, радионы қоссам – қазақша. Қолымды бір сілкідім де, Ресейге көшіп кеттім». Қазақтарды, қазақ тілін қабылдай алмағандар әлі де көшері хақ. Бірақ кеткісі келмейтіндер әлдеқайда көп.