Мамин төрт елдің үкімет басшыларымен сөйлесті

21 наурыз, 16:21

Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, Үкімет басшылары коронавирустың таралуымен күресудегі және халықты COVID-19 індетінен қорғаудағы өзара іс-қимыл, соның ішінде азаматтарды отанына қайтару мәселелерін талқылаған. 

Шетел азаматтарының кіруі-шығуы бойынша Қазақстан мен Ресейде қолданылған шектеулерге байланысты ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен әңгімелесіп, ҚР мен РФ аумағы арқылы еліне транзитпен қайтатын қазақстандықтар мен ресейліктер үшін ерекше режим ашуды ұсыныпты.

Өзбекстан Премьер-Министрі А. Ариповпен, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен және Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен өткен келіссөздерде вегетациялық кезеңдегі су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасымалын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері де талқыланыпты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации