Лукашенко Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады

17 мамыр, 14:14

Фото: tengrinews.kz

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды.

Алматы, NEGE. "Сіздің күш-жігеріңіздің, жауапты және тиімді басқаруыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсімді, мемлекеттік қайта құруда жетістіктерді көрсетіп, халықаралық аренада өз позициясын және беделін нығайтып келеді", - деп жазылған құттықтауда.

Лукашенко Тоқаевтың екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы үлесі мен ынтасын жоғары бағалады.

"Өзара қолдау мен мен достық қарым-қатынас Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға, достық, сенімді және әріптестік қатынастарды бекітуге ықпал ететініне сенімдімін", - деп жазды ол. 

Лукашенко Тоқаевқа зор денсаулық, игілік және көздеген мақсаттарының орындалуын тіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации