Көлгінов қызметінен кетпейтін болды

04 наурыз, 15:39

Фото: stan.kz

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті өкілдері Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «пара алды» деп айыпталған елордалық Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың қылмысы үшін жұмыстан кетпейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы. NEGE.  «Ол уақытта қала әкімінің отсавкаға кетуін көздейтін заңдағы өзгерістер қолданысқа енгізілмеген болатын. Сондықтан бұл тетік елорда әкімінің отставкаға өтініш беруі үшін қолданылмайды деп санаймыз», - деді ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Оған сәйкес, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімдері өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға өтініш беруі тиіс.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации