Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

12 наурыз, 12:08

Фото: akorda.kz

Әлемде коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды, деп хабарлайды zakon.kz. Бұл туралы Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

Алматы. NEGE.  "ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс",- деп жазды Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз жазбасына: "Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз" деп қосты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации