Кеден Одағы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемін 4,5 млрд долларға ұлғайтты

29 ақпан, 12:00

Фото: agapas.kz

Кеден одағы, яғни Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы 10 жылда Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 4,5 млрд долларға өскен. Өсім 2010 жылғы 15,1 миллиардтан 2019 жылғы 19,6 млрд долларға жетіп отыр деп хабарлайды, ҚазТАГ тілшісі.

Ресей мемлекеттік статистикасы федералды қызметінің ақпарынша, 2010-2019 жылдар аралығында Беларусь пен Ресей арасындағы сауда айналымы $5,27 млрд. өсіп – $28,03 млрд.-тан $33,3 млрд. дейін жетті.

Жалпы 10 жылда Ресейдегі тауар айналымы мына елдермен өсті: Әзірбайжанмен – $1,27 млрд. өсіп, 2010 жылғы $1,9 млрд.-тан 2019 жылғы $3,17 млрд. дейін, Молдовамен – $0,1 млрд.өсіп, 2010 жылғы $1,5 млрд.-тан $1,6 млрд. дейін, Тәжікстанмен – $0,1 млрд.өсіп, $0,8 млрд.-тан $0,9 млрд.дейін, Өзбекстанмен – $1,68 млрд.өсіп, $3,4 млрд.-тан $5,08 млрд.дейін, Армениямен – $1,7 млрд.өсіп, $0,8 млрд.-тан $2,5 млрд.дейін, Қырғызстанмен – $0,5 млрд.өсіп, сәйкесінше, $1,4 млрд.-тан $1,9 млрд.дейін.

Посткеңестік кеңістіктің екі елімен – Украина және Туркіменстанмен – тауар айналымы $25,8 млрд ( $37,2 млрд. еді, $11,4 млрд. болып қалды) және $0,2 млрд ( $0,9 млрд.еді, $0,7 млрд. болып қалды) түсті.

Еске салсақ, 2010 жылы Ресей, Қазақстан мен Беларусь Кеден одағын құрды, ол 2014 жылы ЕАЭО кірді. 2015 жылы ЕАЭО-ға Армения мен Қырғызстан қосылған.

#кеденодағы #еэқ
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации