Қала әкімі сөгіс алды

03 наурыз, 09:49

Фото: коллаж

Павлодар әкімі Қайрат Нүкенов облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтан сөгіс естіді.

Алматы, NEGE.  Өңір басшысы қала әкімін шаһардағы қардың дұрыс тазаланбауы және жеңілдігі бар адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдаудағы жағдай үшін сынаған.

«Жеңілдікпен тасымалдау бойынша барлық мәселе шешілгенін хабарладық. Алғыс айту күнінде көпбалалы аналар мен мүгедектер неге жеңілдік тарифімен тасымалданбаған? Неге бұлай болды, неге мұндай қарым-қатынас?», – деп сұрады Сқақов.

Қала басшысы жеңілдігі бар жолаушыларды тасымалдаудан бас тартқан тасымалдаушымен әкімдіктің келісімге келе алмағанын, себебі ол қалада болмағанын айтып жауап берген. Алайда ол қазіргі уақытта келісімге қол қойылғанын және жеңілдік мониторингі аяқталғанша автобустар мен трамвайларда сақталатынын айтты.

Алайда өңір басшысы бұл жауапқа қанағаттанбады. 

«Ең жаманы біз бір мәселеге айналып қайта келіп отырмыз. Түсінік болса, өзлеріңіз тасымалдаушылардың экономикасын көріп отырсыздар, өтемақы сомасын санау қажетін біліп отырсыздар, тайм-аут беріп, жеңілдік тарифімен тасымалдауға міндеттеме беру керек еді. Менің ескертуіме қарамастан, шала жұмыс істегенсіздер. Қаладағы санитарлық тазалау да осы. Жағдай түбегейлі өзгеріп жатқанын көріп отырғаным жоқ. Біреудің айтқанымен істейсіздер. Павлодар әкіміне қаланы санитарлық тазалау жұмысы шала болғаны үшін және қарым-қатынас жүргізудегі, оның ішінде тасымалдаушы мен халықтың ортасында координацияның жоғына байланысты сөгіс жариялаймын», – деді Сқақов.

Бұған дейін 1 наурызда Павлодардың бірнеше автобусында хабарлама пайда болғаны хабарланған. Онда әкімдіктің жеңілдігі бар жолаушыларды тасымалдауға қаражаты жоғы, сондықтан қала бойынша жолаушылар өз қалтасынан жолақы төлеуі керегі айтылған. Жолақы бермегендерді кондуктор автобустан түсіріп тастаған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации