Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрі болып тағайындалды

18 мамыр, 18:42

Фото: tengrinews.kz

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Жамаубаевтың кандидатурасы келісілді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. Бұл "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

"Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді", - делінген хабарламада.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации